©
Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімінің орынбасары Бекмұрат Жүсіпов ауыл шаруашылығы саласы дамуы көрсеткіштеріне ерекше тоқталды.
– Биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 8 924,2 млн. теңгені құрады. Оның ішінде егін шаруашылығы үлесі 1 866,1 млн. теңгені, мал өнімдері 7 040,9 млн. теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 6406,6 тонна ет, 5 193,3 тонна сүт, 3 462,5 мың дана жұмыртқа, 10 500 тонна ұн өндірілді. Өңірде егін алқабы биыл 1100 га жер көлемін қамтыды. Оның ішінде жылыжайлар кешендеріндегі егіс алқабы 20 га, ашық топырақтағы егіс алқабы 1080 га жерді құраған екен. Былтыр 10942,8 тонна көкөніс және бақшалық өнімдер өндірілді. Ал биыл 11500 тонна өнім өндіру межеленіп отыр, – деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар жайылымды суландыру бойынша 30 құдық қазу жоспарланған. Бүгінгі таңда 25 құдық қазылып, оған 126 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінді. Мал өнімділігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан 80 млн. теңге субсидия, 260 млн. теңге инвестициялық субсидия қарастырылған. Облыс бойынша ауыл шаруашылық малдарын өсіру және өнімін өткізу бойынша 13 кооператив құрылған. Аталған сала бойынша инвестиция көлемі 8 млрд. теңгені құрайтын 12 жобаны іске асыру жоспарланған. Сонымен қоса, алдағы уақытта 358 жаңа жұмыс орны ашылады.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН