©
«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалында құтқарушылар күніне арналған мәдени-спорттық шара өтті.
Шараға жиналғандар алдымен әскери авариялық-құтқару іс-қимылдарының көрсетілімін тамашалады. Құтқарушылар арнайы жабдықтар арқылы атқыламаның алдын алды. Содан соң олар мұнараның төбесінде қалған адамды альпинистік құрал-саймандар арқылы құтқарды.
https://youtu.be/hAJ9hTzNh4IКөрсетілімнен соң авариялық-құтқару қызметі мамандары мен болашақ құтқарушы студенттер кір тасын көтеруден сайысты.
«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1968 жылы Қазақстанның әскерилендірілген отряды болып құрылған. Содан бері қалтқысыз қызмет етіп келеді.
- Жұмыс барысында әртүрлі қиындыққа кезігеміз. Қазіргі таңда бізде 111 құтқарушы бар. Соның 48-і профилактикалық жұмыстарды, қалғандары жедел құтқару жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі келісімшарттағы есепке сәйкес құтқарушылар саны жеткілікті. Сонымен біз кенорындары, мердігерлік мекемелерді қамтамасыз етіп отырмыз. Соңғы жылдың есебі бойынша 40-тан астам апаттық жағдай орын алды. Олар техногендік-атқыламалы апаттар. Көбіне Маңғыстау аумағында Өзен, Қаламқас, Бозащы, Қаражанбас кен орындарында болады, - дейді «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалы директорының орынбасары Ақәділ Молдақұлов.
Құтқару қызметіне 20 жасында қабылданған Өсербай Әлібаев бірнеше апаттың, олардың алдын алу жұмыстарының куәгері болған. Оның ішінде ең үлкені – «Теңіз» мұнай кен орнында болған апаттық жағдай. Сөндіру жұмыстары бір жылға жуық жүргізілген атқыламаның басы-қасында болып, оны ауыздықтауға ат салысқан ардагердің еңбегі көпке үлгі. 46 жыл құтқарушы қызметін атқарған Өсербай ақсақал мереке қарсаңында ізбасар әріптестеріне ақ тілегін арнады:
Тағы оқыңыздар: «Маңғыстау аренаның» жөндеу жұмыстары 30 қазанда аяқталады- Бұл отрядқа келесі жылы 24 наурызда 50 жыл толады. Оның бүкіл Қазақстанға зор еңбегі сіңді. Бұл жерден қызметін бастаған қаншама азамат министрліктерге, шетелге барып жұмысын жалғастырды. Жалпы Кеңес кезінде алдыңғы үштікке кірген отряд. Жұмыс жеңіл емес. Құтқарушылар фонтанға кеткенде үйдегі бала-шағасы тақымын қысып, күтіп отырады. Өйткені мұнай фонтанына өртенсең, қашып құтыла алмайсың. Оны талай көзімізбен көрдік. Тек сақ болып, ақылмен, оймен, бір-біріңді түсініп жұмыс істеу керек. Жастардың жүрген жері мереке, қарттардың жүрген жері береке дейді. Мерекеде, берекеде кездесе берейік. Мейрамдарыңыз құтты болсын! – деді ардагер өз құттықтауында.
Адамның өмірі мен денсаулығына өте қауіпті қызмет өжеттілікті, тапқырлықты, батылдықты талап етеді. Мерекелік жиын соңында апаттық жағдайлардың алдын алуға ат салысқан құтқарушылар Алғыс хатпен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="39371,39369,39368,39367,39366,39365,39364,39363,39362,39361,39360,39359,39358,39357,39356,39355,39354"]