©
Қоғамдық көлік енді 31а, 31б және Шығыс-1, Шығыс-2, Шығыс-3 шағынаудандары тұсынан да өтетін болады. Бұл туралы Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бексұлтан Шалабаев айтты.- Енді №2 бағыттағы автобус 31а, 31б шағынаудандарын қамтиды. Осы шағынаудандар мен Шығыс-1, Шығыс-2, Шығыс-3 шағынаудандарына мүлде қоғамдық көлік қатынамайтын. Сондағы тұрғындардың арыз-шағымына байланысты бағытты өзгерттік. Қазіргі таңда бұл маршрутта 18 автобус бар. Олар 6-8 минут сайын жүріп отырады, - деді Бексұлтан Шалабаев.