Бүгін Ақтау қаласы 28 және 29 шағынаудан аралығында жанып жатқан көлікті оқырманымыз бейнежазбаға түсіріп жолдаған болатын. Өрттің себебін анықтау үшін МО Төтенше жағдайлар департаментіне хабарластық.
-Оқиға 13:37 Ақтау қаласы 28 және 29 шағынаудан қиылысында 1996 жылы шыққан Ауди А6 маркалы көлік толықтай жанып кетті. 14:00-де жалын сөндірілді. Оған 1 дана техника, 4 адам жұмылдырылды. Өрттің себептері мен келтірілген шығындар тексеріліп жатыр, - деді МО ТЖД баспасөз хатшысы Гүлнар Ходжабекова.
Өрттен зардап шеккен көлік жүргізушісінің қолы мен бетін күйік шалған. Ол қазір ауруханада ем алуда.
https://www.youtube.com/watch?v=fdQV0tjhS9U&list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6k&index=1