Бүгін Мұнайлы ауданында «Мәңгілік ел» монументінің ашылу рәсімі өтті. Көркею жолындағы Тәуелсіздік саябағы мереке қарсаңында тағы бір тарихи сәттің мекеніне айналды.
Облыс басшысы Ералы Тоғжанов, аудан ақсақалдары мен белгілі тұлғалар және аудан халқы жиылып, болашақ жастарға «Қазақстан жолы – 2050» аманат хатын қалдырды.
Болашақ ұрпаққа арналған хат салынған капсула 2050 жылдың 6 қазанында ашылуы тиіс.
Хатта былай деп жазылған:
Болашаққа аманат хат!
Бүгін Мұнайлы ауданының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы бір мерейлі мерекеде Рухани жаңғыру аясында біздер жеткен жетістіктерді баяндай отырып, Мұнайлының 2050 жылғы жастарына аманат хатын қалдырамыз!
Жұбанышым –жалынды жастарым бар.
Арманына әлемнің асқары бар.
«Ақыл – жастан» деп сені жақтағандай,
Бәрі, бәрі ақылмен басқарылар
Адам жаны алыстан құралады.
Адам жаны – атаның мұралары.
Сақта соны, саған да кезек келер,
Келесі ұрпақ өзіңнен сұрар әлі!
Маңғыстау ауылы
6 қазан, 2017 жыл
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН