©
1997 жылы Google корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж информатика саласындағы жұмысын жалғастыру үшін Стенфорд Университетіне келеді. Мұндағы студенттер қатарында Google компаниясының серіктесі Сергей Брин де бар еді. Ларри осында Сергеймен кездесіп, әйгілі компанияның алғашқы нұсқасын жасайды.
Оларды мұнда ортақ мақсат біріктірді: әлемдік ақпараттық іздеу жүйесін ұйымдастыру және оны барлығына бірдей қолжетімді әрі пайдалы ету. Осының негізінде Google-дың нұсқасы пайда болды.
Корпорация 1998 жылғы 2 қыркүйекте құрылғанымен, Google.com домені 1997 жылдың 15 қыркүйегінде тіркелген.
2006 жылы компания туған күнін 27 қыркүйек деп белгіледі. Бұл дата Google-дың бәсекелесі Yahoo-ді басып озған күніне байланысты.
Стенфорд Университетінің студенттері Ларри мен Сергей Google-ды оқу бағдарламасы ретінде құрды. Жүйенің атауы ондық дәрежедегі ондықты білдіретін «googol» сөзінен шыққан.
Google-дің басты артықшылығы, әрине, керемет сервис, жеңіл басқару және кез-келген тақырып бойынша ақпарат табу мүмкіндігі.
Ларри мен Сергей жұмысты гаражда отырып бастаған. Яғни, Google-дің алғашқы офисі гараж болды.
Компанияның негізі қаланғанына 27 қыркүйекте тура 19 жыл толды. Бүгінде ол әр жыл сайын 123 тілде сөйлейтін әлемнің 160 елінің 4,5 миллиардқа жуық халқына қызмет көрсетеді.
Егер сандарды есепке алсақ, 2017 жылы іздеу сайтында 41,34 миллиардқа жуық сұраулар өңделіп, айына 25 миллиардтан астам веб-парақша индексацияланған (барлық уақытта индексацияланған 60 триллионнан астам).
Компанияның желілік өнімдері Google Maps пен Google Translate те кең танымалдылыққа ие. Олар тұтынушыларға әлемнің 200-ге жуық тілінде қызмет көрсетеді. Бұл – компанияның бүгінгі зор жетістігінің кепілі болып отыр.
Дайындаған Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
https://youtu.be/t3ju4FMGKqc