©
Шекара қызметі өңірлік күзет басқармасының «Нұрлы жол» шекара катері Каспийде браконьерлікпен айналысты деген күдікпен үш азаматты қолға түсірді. Тексеру барысында олардың 1983, 1976 және 1975 жылы туылған Әзірбайжан Республикасының азаматтары екені анықталды. -22 қыркүйекте Шекара қызметі өңірлік күзет басқармасының «Нұрлы жол» шекара катерінің командиріне аумақта заңсыз шағын жүзу құралы жүргені жөнінде жедел ақпарат келіп түсті. Осы деректер негізінде катер командирі ауданға кіріп, оны тексеру туралы шешім қабылдады. Қайыққа жақындап, дыбыстық сигнал берілгенде қайықтан ешқандай жауап болмады. Сондықтан катер командирі заңға сәйкес оларды ескерту оғын ату арқылы бөгеуіне тура келді. Осыдан кейін ғана олар тоқтап, қайыққа тексеру жүргізілді. Қолға түскен Әзірбайжан Республикасының үш азаматы да құжатсыз болып шықты. Сонымен қоса, оқиға орнына тағы екі катер жіберілді. Сол аумақты тексеру барысында балық аулауға арналған броконьерлік құралғы – коллада табылды. Колладада 69 бекіре тұқымдас тірі балық бар екені анықталды. Олардың барлығы суға қайта жіберілді. Қазіргі таңда қолға түскен азаматтар уақытша қамауда отыр. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы кінәларын мойындады, - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өңірлік күзет басқармасының штаб бастығы Данияр Серікұлы. Күдіктіліердің үш моторлы (екі «Yamaha-250» және бір «Honda-225») байда типтес қайығынан 69 бекіре тұқымдас балықпен бірге бір итбалық өлі күйінде табылған. Ал ұзындығы 35 шақырымға жететін колладада 17 мың қармақ бар. https://www.youtube.com/watch?v=o6dyFpWsRWs - Мұндай құралды қазір броконьерлер жиі қолданып жүр. Қолдан жасалған коллада олардың балықты молырақ ұстауына септігін тигізеді, - дейді Данияр Серікұлы. Қамауда отырған шетел азаматтарына айыппұл салынып, олар 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, 2017 жылы заңсыз балық аулау фактісі бойынша барлығы 8 шетел азаматы қолға түскен. https://www.youtube.com/watch?v=bHohWQRDOEM&index=1&list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6k Бейнежазбаны ҚР ҰҚК Шекара қызметі ұсындыТеңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="37010,37011,37012,37013,37014,37015,37016,37017,37018,37020"]