Атырау облысындағы Қашаған теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемі айына 650 мың тоннаға жетті.
«Қазіргі таңда жұмысы 2016 жылдың қазанында қайта басталған теңіз нысанында 319 адам жұмыс істеп жатыр. Кен орнында барлығы 40 ұңғыма бұрғыланған. Оның жиырмасы «Д» және «А» аралдарында және қалған 20-ы қосымша аралдарда - спутниктерде орналасқан. Қазіргі таңда 8 ұңғыма пайдалануға берілуде. Ағымдағы ай сайынғы мұнай өндіру көлемі 650 мың теңгеге жеткен. Теңіз нысаны Батыс Ескене аумағында үш құбыр желісі арқылы жерасты өндіріс кешеніне қосылған», - деп хабарлады «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының баспасөз қызметі.
2017 жылы Қашаған кен орнында 8.5 млн. Тонна мұнай өндіріледі деп жоспарлануда. Қашағанның геологиялық қоры ресми түрде 4,8 млн. тонна мұнай деп бағаланған. Жалпы мұнай қоры 38 млрд. баррель болса, соның ішінде шығарылатыны - 10 млрд. баррелді құрайды. Ал, табиғи газдың қоры - 1 трлн. текше метрден астам.
Дереккөз: inform.kz