Ақтау қалалық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сотта анықталғандай, К. Ақтау қаласы, 5 шағын аудандағы үйінің подъезінде 11,5 грамм есірткі заты марихуананы 4000 теңгеге заңсыз өткізген. Сондай-ақ, сотталушының үйінде марихуананы заңсыз өткізу мақсатында ірі мөлшерде 60,45 грамм есірткі затын сақтағаны белгілі болды.
Сот үкімімен К. ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 2-бөлігімен (ірі мөлшерде есірткі затын өткізу үшін сақтау және есірткі затын өткізу) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6 жылға сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.