Ақтау қалалық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, К. Ақтау қаласы, 10 шағын ауданда орналасқан «Қашаған» ескерткішінің жанында Д. деген азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, қол сөмкесін, «Самсунг Галакси Ж7» маркалы ұялы телефонын, SIM-карталарын, екі сырғасын және ақшасын ашық түрде тонап кеткен. Нәтижесінде, жәбірленушіге барлығы 87 900 теңге материалдық шығын келтірген.
Сондай-ақ, сол күні К. Ақтау қаласы, 6 шағын ауданда көшеде кетіп бара жатқан А. деген азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, алтын сақиналары, сырғалары мен ақшасын ашық түрде тонап, оған 85 400 теңгеге материалдық шығын келтірген.
Ақтау қалалық сотының үкімімен К. ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1, 2-тармақтарымен (бірнеше рет тонау) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жыл 6 айға сотталып, оның әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА