©
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жүргізген аппарат мәжілісінің күн тәртібінде өңірдегі дін жайы қаралды.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Ерлан Есбергенов ағымдағы жылдың 8 айы ішінде атқарылған істері мен жеткен нәтижелері жайында есеп берді. Ол басқарманың мұрындық болуымен аймақтағы халыққа, соның ішінде жастарға кереғар ағымдардың шылауына еруіне кедергі болып, ақ пен қараны ажырата білуге жәрдемдесу, сақтандыру мақсатында шаралар ұдайы өткізілетінін жеткізді. Оның сөзінше, тексеру барысында салафиттер саны анықталған. Олардың қатарында студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, мұнайшылар және тағы басқалар бар. Облыс әкімі аталған мемлекеттік қызметкерлердің тізімін әкеліп беруін сұрады және мұнай компанияларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, мұнайшылардың жұмыс істейтін, демалатын жерлерінде бейнекамера орнату қажеттігін қадап айтты.
- Дін - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстан - зайырлы мемлекет. Ел азаматтары оның заңына бағынуы тиіс. Мектептегі тәртіп те бәріне бірдей. Дін мәселесі - оңай емес. Оған баршамыз атсалысып, күреспесек, нәтиже шығары екіталай, - дейді аймақ басшысы.
Ханым ҚУАТ
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ