Облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жас дзюдошыларға арналған кезекті шеберлік сабағы өтті. Оған аймағымыздың шалғай ауылдарынан келген барлығы 100 бала қатысып, білікті бапкерлерден тәлім алып, шеберліктерін шыңдады.
-Бүгін спорт мектебімізде өтіп жатқан шеберлік сабақтарын ұлттық құрама мен жастар құрамасының мүшелері, білікті бапкерлер өткізуде. Жақында шалғай ауылдарда самбо, дзюдо секцияларының ашылуынан кейін ауылдағы жас балуандарға еліміздің намысын халықаралық жарыстарда қорғап жүрген спортшыларымыз Әмірбек Жеңісов, Сұңғат Жұбатхан, Бауыржан Нарбаев, Бауыржан Сағынғалиұлы, Рамазан Мамаевтар шеберлік сабақтарын өткізген болатын. Ауылдағы балалардың басын бір жерге қосып кәсіби спортшылармен кездестірудегі басты мақсат-жас спортшыларды ынталандыру, біліктіліктерін арттыру, білімдерін толықтыру-дейді облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.
Тағы оқыңыздар: Әулиелі жерлерге зиярат етудің ортақ ережесін бекіту қажет!Шеберлік сабағында жас балуандарға бірнеше әдіс-тәсілдер көрсетіліп, қойған сұрақтарына тұщымды жауап та берілді.
Венера МИРЛАН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="34617,34619,34618,34616"]