Жетібай ауылдық онлайн кітапханасының ұйымдастыруымен елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында қазақтық маңдайына біткен біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ұлы ойшыл ғұлама, шоқтығы биік тұлға А. Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Мен Абайды оқимын» акциясы өтті.
Ауылдық ардагерлер үйінде өткізілген шара барысында кітапханашы Жеміс Төлеубердіқызы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасады. Басқосуды кітапхананың тұрақты оқырманы Әйгерім Манас өзінің Абайға арнап шығарған өлеңімен ашты. Шара аясында кітапханашылар мен оқырмандар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Акцияға белсене қатысқандарға кітапхана атынан ескерткіш сыйлықтар табысталды. Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, Абайды тану арқылы біз қазақ халқын, Қазақстанды әлемге танытамыз. Кемеңгер Абай әрқашан біздің ұлттық мақтанышымыз, ұранымыз болып қала беруі тиіс. Сондықтан бұл акция қайта жаңғыру, насихаттау, оқуға шақыру акциясы болып табылады.
Қ. АБИХАН,
кітапханашы
Тағы оқыңыздар: Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференция өтеді