Құрық ауылында орналасқан № 6 орта мектепте «Мектепке жол», «Жолашар» акциясы аясында тамыз айының соңғы дүйсенбісінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан аудандық прокуратура қызметкерлері мектептегі 5 мүжәлсіз отбасы баласына өздерінің дарқан көңілінен шыққан 75 мың теңге көлемінде қаржылай көмектерін ұсынды.
Бұл күні 3 сынып оқушылары Данияр Әжиев, Жұлдызай Оразғалиқызы, 4 сынып оқушысы Сәнбибі Шаңды, 7 сынып оқушысы Гүлжанат Күзбаева, 8 сынып оқушысы Жаннұр Жексенбай сынды оқушылардың мерейі үстем болып, қаржылай қолдауға ие болды. Акцияны өткізуге сүбелі үлестерін қосқан аудандық прокуратура ұжымына балалардың ата- аналары жүрек түкпірінен шыққан алғыс сезімдерін жеткізді.
Тағы оқыңыздар: Дәстүрлі турнир мәресіне жеттіШара барысында азаматтық танытып, қол көмектерін аямаған жаны жайсаң жомарт жандарға айтар алғысымыз шексіз!
Жалғас БЕГЕЙ