©
Мектепке дейінгі ұйымдардың, мектептердің, колледждердің басшылары қазіргі заманғы басқарудың ұтымды тәсілдерін меңгеруі қажет. Ұжымдағы педагогтардың жұмысын үйлестіре білу, әрбір оқушыны жаңа қырынан ашу аса шеберлікті талап етеді. Сол себепті бүгінде мектеп басшылары облыс әкімдігінің қолдауымен «Білім саласындағы менеджмент» магистрлік дәрежесі бойынша білім алуда.
-Бүгінгі таңда еліміз үшін көптілділік көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені жаһандану және кибер кеңістікке шыққан қоғам - бірнеше тіл білуді талап етеді. Елбасы Н.Ә Назарбаев сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Өзге тілді меңгерту үшін педагогтарымыз тас түйіндей дайын болуы керек. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткен жылдан бері ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндердің мұғалімдерін ағылшын тіліне кезең-кезеңмен оқыту басталды, - деді облыс басшысы Ералы Тоғжанов.
Өңірімізде 700 мұғалім ағылшын тіліне оқытылды. Алда ауыл мектептерінің 300 мұғалімін ағылшын тіліне қашықтықтан оқыту жоспары тұр.
Облыс басшысы білім басқармасына осы маңызды мәселені жүйелі түрде жүзеге асыруды, сондай-ақ, оқулық авторларымен тығыз байланыс жасап, өңірлік оқулықтарды қайта өңдеп, басып шығаруды, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қаржылық мәселелерді шешуді тапсырды.
Сондай-ақ, кеңес барысында облыс әкімі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тағы оқыңыздар: Облыс басшысы жас мұғалімдерге еңбек кітапшасын табыстадыСондай-ақ, аймақ басшысы білім саласына бөлінетін қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 14,6 млрд. өскенін де (2016 ж. – 47,9 млрд, 2017 ж. – 62,5 млрд) атап өтті. Ал түлектер арасында мемлекеттік білім гранты иегерлері 2 есеге артқан. Облысымызға қазіргі таңда ІТ (ақпараттық технология), бизнес-аналитика, логистика, жалпы медицина, биотехнология, туризм, энергетика, теңіз техникасы, менеджмент, құрылыс, ауыл шаруашылығы және ветеринария, дәстүрлі музыка өнері мамандықтары өте қажет. Сондықтан биылдан бастап облыс әкімдігінің 50 білім гранты бөлінді.