Ақтау қаласы әкімдігі ұйымдастырған шара «Үздік үй» және «Үздік подъезд» аталымдары бойынша өтеді. Оған пәтер иелері кооперативтері, басқарушы компаниялар және тұрғындар қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – энергия шығынын азайту, үйлердің, қаланың сыртқы көрінісін жақсарту.
Қатысуға ниетті тұрғындар арнайы өтініш толтырады. Және өз үйі мен подъездін суретке не бейнежазбаға түсіріп, қысқаша сипаттама жазып жолдауы керек.
Тағы оқыңыздар: Ақтауда құжатсыз жүрген шетел азаматы көз жұмды
- Ақтау қалалық әкімдігінің 403 кабинетінде орналасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне келіп, құжаттарды тапсыруға болады. Өтініштер 2017 жылдың 31 тамызына дейін қабылданады, - дейді Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Марат Молдағұлов.
"Нұр Отан" партиясының мүшелері, қалалық мәслихат хатшысы мен депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, коммуналдық мекемелері және БАҚ өкілдерінен құралған комиссия үздіктерді анықтайтын болады. Байқау қорытындысы 22 қыркүйекте Қала күні қарсаңында белгілі болады. Жеңімпаздар алғыс хат пен сыйлықтарға ие болады.