Оқушылар шығармашылық үйінде «Жауқазын» қалалық балалар шығармашылығы өнер фестивалінің іріктеу кезеңі өтуде. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шараға 3-6 жас аралығындағы барлық үлгідегі және жеке меншік түріндегі мектепке дейінгі мекемелер, мектептердің тәрбиеленушілері қатысуда. Барлығы 136 бүлдіршін өнер көрсететін фестивалда таланттар «Әнші балапан», «Би ырғағы», «Нұрға бөлену» номинациялары арқылы дараланады. Мәнерлеп оқу, ән салу және би билеу өнерлерімен озық шыққан жас өнерпаздар 31 мамыр күні облыстық фестивалға жолдама алады. Фестивалға қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Күлбарам Тоқбанова, білім үйлестіру орталығының әдіскері Бақтыгүл Қаршығаева, Нұргүл Омарбаева, М.Өскінбаев атындағы балалар саз мектебінің ән-аз педагогы Дина Мұханғалиева, Оқушылар шығармашылық үйінің би жетекшісі Гаухар Мәденова әділ-қазылық етуде.
Аталған шараны ұйымдастырушы қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығы.Жаңаөзен-Ақпарат