Тамыз айының алғашқы күні VІ-шы шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ-ші сессиясы болып өтті. Қалалық мәслихаттың депутаты Есен Өтеев жүргізген сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары Исахан Сағынбаев, Серік Қалдығұл, Сәбит Сейдалиев қатысты.
Сессияның күн тәртібіне екі мәселе қаралды. Алғашқысы бойынша қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақтығали Базылов Жаңаөзен қалалық мәслихатының №8 сайлау округінен сайланған депутат Торғын Қазиқызы Беисованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін ұсынды. Нәтижесінде, қалалық мәслихат депутаттары жұмыс бабымен басқа өңірге ауысып жатқан Т.Беисованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, отырыста келесі сессияны ұйымдастыру мәселелерін қарастыра келе, төрағалығына №13 сайлау округінің депутаты Айсұлу Исаеваны тағайындады.
Өз тілшіміз