Ақтауда 33 жастағы әйел 7-қабаттан құлап кетті.
Төтенше жағдай Ақтау қаласы 14 шағынауданындағы 33 үйде болған. Қалалық жедел жәрдем және жедел медициналық көмек станциясына қоңырау бүгін түнде, жергілікті уақытпен сағат 01:24-те түсті. Келген бригада оның сол жерде қаза тапқанын растады.
«1984 жылғы жас әйел 7-қабаттан құлап, көз жұмды. Құлауы салдарынан көп жарақат алған. Төтенше жағдай себебін айта алмаймын», - деді Ақтау қалалық жедел жәрдем және жедел медициналық көмек станциясының директоры Болат Тайшыбаев.
Дереккөз: ҚазАқпарат