Түнімен бір орында тапжылмай ұйықтайтын адам кем де кем болар… Әлбетте жиі болмаса да кез келгеніміз қозғаламыз. Зерттеу бойынша, адам шамамен ұйқы кезінде 40 рет жатысын өзгертеді екен. Егер стресстік жағдайда жүрген болса, одан да көп. Оның үстіне әркімнің өзіне ұнайтын, ыңғайлы жатысы болады. Бір қызығы, осыған қарап та адамның мінез-құлқын сипаттауға болады екен. Ендеше суретке қарап, өзіңізге ұнайтын жатысты анықтаңыз. Артынша мінездемені оқыңыз.
Шалқасынан жататындар
Бұл жатыс адамның өзіне сенімділігін байқатады. Бұл адамдар кез келген ортада, кез келген жағдайда өзін сенімді ұстайды. Тосын жайттарға, өмірінде кенеттен пайда болған жаңа дүниелерге әркез дайын, салмақты қабылдайды. Шалқасынан жатқан адам еркін, аяқ-қолын кең жайып жатады. Сол секілді өмірде де еркін жандар.
Бүк түсіп жату
Бір қырынан аяқ-қолын жинап алып, бүгіп, өз-өзін не көрпені құшақтап алатындар. Әрі төсектің бір бұрышына ғана жатады. Мұндай жатыс адамның шынайы өмірдегі қорқақтығынан хабар береді. Кездескен қиындықтан басын алып қашуға, араласпауға дайын тұрады. Оларға тез арада қоғаушы, бағыттаушы қажет.
Екібетімен ұйықтайтындар
Керуетті құшақтап жататындар. Өз өміріне өзі қожа, өздері шешім қабылдайтындар тобы. Әрбір әрекетін, істерін дұрыс деп санайды, сондықтан оған айтылған сынды көтере алмайды. Қырсықтық танытып қоятыны да бар. Бірақ бұл жандар талпынысының, батылдығының арқасында мақсатына қол жеткізеді.
Бір қырынан жататындар
Екінші жатысқа ұқсайды, дегенмен мұнда аяқ-қол жиналмайды. Сәл-пәл еркіндеу. Бұлай ұйықтайтындар салмақты, сабырлы болып келеді. Ешкімде шаруасы жоқ. Ұрысып, сөз таластырмайды. Қиын жағдай туындай қалса да қызуқандылық танытпай, сабырлы қарайды. Осындай күйіп-піспейтін ұстамды мінездерімен ерекшеленіп тұрады.
Дереккөз: ikerim.kz