Өңірімізде шілде айының алғашқы күндері аптап ыстық болғаны белгілі. Бірнеше күндік үзілістен соң ауа температурасы қайтадан көтеріледі деп болжануда. Ол туралы «Қазгидромет» РМК МОФ хабарлады.
-18-20 шілде аралығында кең ауқымды антициклонның әсерінен Маңғыстау облысы бойынша күн жауын-шашынсыз болып, күндізгі ауа температурасы облысымыздың кей жерлерінде 38-42 градус, ал жағалауда 36-38 градус деңгейіндегі қатты ыстық күтіледі, - дейді мамандар.