©
Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов Малайзияның халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігінің өкілі Шахрин Мадрос және «Reach Energy Berhad» компаниясының бас директоры Шахул Хамид Мохдбастаған малайзиялық инвесторлармен кездесті. Бұған дейін «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткен «Малайзия – Қазақстан» бизнес форумында малайзиялық «Reach Energy Berhad» компаниясы мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында меморандум жасалған болатын. Облысымызда 54 мұнай және газ ұңғымаларын игеріп отырған «Reach Energy Berhad» компаниясының басшысы малайзиялық инвесторлардың өлке экономикасына 1 млрд. доллар көлемінде қаржы салуға дайын екендігін айтқан болатын. Бұл кездесу Малайзия мен Маңғыстау арасындағы ынтымақтастықты дамыту, облысқа инвистиция тарту мүмкіндіктерін талқылауға бағытталды.
Кездесуде облыс басшысы шетелдік инвесторларды аймақтың мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, сумен қамту мен туризм салаларына инвестиция салу мүмкіндіктерімен таныстырды.
Айта кетерлігі, 2015 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 39 млн. долларды болса, 2016 жылы 49 млн. долларға жеткен. «Бұл Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді»,– деді Малайзияның халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігінің өкілі Шахрин Мадрос.
Малайзияның халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігінің өкілі Шахрин Мадрос айтуынша, Малайзияда шетелдік компанияларға малайзиялық компаниялармен жұмыс істеуге қолдау көрсететін халықаралық агенттіктің жұмыс істейді. Дүниежүзінде 40-тан астам өкілдігі бар бұл агенттіктің Қазақстандағы өкілдігі Алматы мен Астанада орналасқан.Облыс әкімі осы агенттіктің өкілдігін Ақтау қаласында да ашуды ұсынды.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="30373,30372,30371,30370,30369,30368,30367,30366,30365"]