Жыл басынан бері облысқа 38 386 турист келген. Оның ішінде Жапониядан 80 турист, Еуропадан 38 турист, Нидерландыдан 17 турист, Ресейден 180 турист, Италиядан 11 турист, Америкадан 10 турист, Еуропадан 34 турист келіп, өңірдің көрнекі жерлерін аралаған. Жалпы туризмді дамыту бағытында 2016 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлік қолдау қоры» АҚ арасында туризм саласында кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Меморандум аясында әріптес-банктермен 900 миллион теңге қаражат бөлініп, 12 жоба мақұлданған. Жобаларды жүзеге асыру бойынша 100-ден астам жұмыс орны ашылған.
- Туристердің таңғажайып табиғи ландшафтарға, ескерткіштерге, тарихи-мәдени және этникалық мұраларға үлкен қызығушылығын ескере отырып, Бразилия, Израиль, Германия, Испания, Голландия, Швейцария елдері туроператорлары өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізілді. Ақпараттық турлардың нәтижесінде отандық және шетелдік туроператорлармен 27 келісім-шартқа қол қойылды. 2016 жылы және 2017 жылдың 1 жартыжылдығында өңірде туристік инфрақұрылымның дамуы Ақтау қаласында жаңадан ашылған және қолданыстағы «Сая», «Tree of Life», «SunSet», «Достар» сияқты қонақ үйлер мен демалыс базалары құрылысын қайта салу есебінен жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Бейнеу ауданы Ақжігіт селосында «Жұмыспен қамту жол қартасы – 2020» бойынша ішінара мемлекеттік қолдауымен кіші қонақ үй ашылды. Ақтау қаласында 2 хостел жұмысын бастады. Одан бөлек әр ауданнан әтноауыл жасау жоспарымызда бар. Сонымен қатар қытайлық туристерді тартуға жұмыстанып жатырмыз. Тамыз айында келісім шарт жасақталатын болады,-дейді Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова.
Венера МИРЛАН