ЭКСПО халықаралық көрмесі өтіп жатқан Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар ағылуда. Барлығы елорданың көркіне таңданысын білдіріп жатыр. Мен де қаламыздағы мұнай саласының қызметкері ретінде топпен бірге Астанаға барып, ЭКСПО көрмесін тамашалауға мүмкіндік алған жандардың бірімін. Жаңа технологиялар қатарында құмнан бактерия енгізу арқылы цемент жасау секілді дүниені Назарбаев университетінің студенттері ұсынған екен. Болашақта су және энергиямен жүретін көліктер, жасыл бақтарды көрдік. Көрме өте керемет ұйымдастырылуымен қатар, көптеген жаңалықтарға, жаңа ашылуларға толы болды. Мен үшін ол жердегі барлық кереметтер бөлек бір жаңалықтармен ұштасып жатты. Көрме бүкіл әлемдік деңгейге сай өтті деп толығымен айта аламын. Мені қуантатыны - осы көрмені әлем елдеріне паш етіп, онымен мақтана алатынымыз. Қайталанбас сыйлықтар мен фото суреттерге молайып қайттық. Алған әсеріміз тамаша! Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «ЭКСПО-2017»- дей үлкен әлемдік деңгейде ұйымдастырылған көрмеге алғаш келуім. Біз бұл сапарымызда «ЭКСПО» қалашығын толық аралап шығуға мүмкіндік алдық. «ЭКСПО» қалашығынан біз әр түрлі халықаралық павильондар, тақырыптық, коммерциялық павильондарды аралап, көрмеге қатысушы әр мемлекеттердің көрмеде ұсынған тың идеялармен таныстық. Біз барған кезде Димаштың концертіне қатысуға мүмкіндік алдық. Концерт тамаша өтіп, әлемнің жарық жұлдыздары Лара Фабиан, Кристина Орбакайте өнер көрсетті. Ең тамаша әсер сыйлағаны «ЭКСПО-2017» көрмесінің символы болып кеткен қалашықтың ортасында орналасқан сфера пішінді өз еліміздің «Нұр әлем» павильоны болды. Астана «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесінің Қазақстан электроэнергиясының дамуына және елімізде жасыл экономиканы құруға үлкен әсер тигізетініне көзіміз жеткендей болды. Осындай керемет көрменің куәсі болуға мүмкіндік берген Елбасымызға, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-на, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басшылығына алғысым шексіз.
Римма БЕКБАЕВА, №2 МГӨБ-сы геология бөлімі жетекшісінің орынбасары.