Жуырда «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев Жаңаөзен қаласына іссапармен келіп, «Өзенмұнайгаз» АҚ жаңа басқару төрағасының сайланғаны жөнінде және Қоғам Басқармасы құрамының өзгерісі туралы мәлімдеді.
Бекзат Абайылданов
Берілген өтініштеріне байланысты мерзімінен бұрын басқарма төрағасының «ӨМГ»АҚ Дәулетжан Кеңесұлы Хасановтың, сонымен қатар Бас директордың бірінші орынбасары Қайырбек Сағынбайұлы Елеусіновтың құзіреттілігі тоқтатылды.
Мақсат Ибағаров
Қоғам Директорлар Кеңесінің шешіміне орай, жаңа басқарма төрағасы болып (бас директор) «ӨМГ» АҚ «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Бекзат Қалышбекұлы Абайылданов сайланды. Осыған орай, Қоғамның басқарма құрамында төмендегідей өзгерістер болды. Бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары болып Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров тағайындалды. Транспорт жөніндегі басқарушы директор болып Айтқали Өтебайұлы Бәшенов тағайындалды.
Жаңаөзен-Ақпарат