Маңғыстау облысында жыл басынан бері жол көлік апатынан зардап шеккен 149 адам тіркелген. 2016 жылдың алты айында 156 адам дене жарақатын алған болатын. Бұл жайында Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Жансерік Шаухымбердиев мәлімдеді.
Жыл басынан бері өңірде 123 жол көлік оқиғасы орын алған, бұл көрсеткіш өткен жылы-137 болатын.
-Жол көлік апатынан зардап шеккендер саны-162-ден 154 адамға азайды, яғни 4,9%-ды құрап отыр. Қайтыс болғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 адамға азайғаны байқалады. Мұндай көрсеткіш дер кезінде көрсетілген көмектің нәтижиесі деп білемін. 2016 жылы кәмелет жасқа толмаған төрт бала оқиға орнында көз жұмса, биыл екі баладан көз жазып қалдық. Көлік апаты орын алған жерде 13 адам көз жұмды, 4 адам емдеу-сауықтыру мекемесінде, 6 адам стационарда қайтыс болды,-дейді Жансерік Шаухымбердиев.
Венера МИРЛАН