Астана қаласында каратэ-додан Азия Чемпионаты (13-16 шілде аралығында ) өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні-ақ өңір спортшылары өз белсенділіктерін танытып үлгерді. Атап айтар болсақ, Салауат Бекарыс және Дүйсенбай Амангүл 3-тұғырға көтерілді. Ал тағы бір үмітіміз Галимзиянова София финалдық бәсекеге жолдама алды. Ол жапондық спортшымен алтынға таласатын болады. Жарыс санаулы сәттерден соң басталады. Жерлесімізге сәттілік тілейміз! Айта кетейік, Азия Чемпионаты ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Елордамызда өтіп жатыр. "Дәулет" Спорт кешенінде өтіп жатқан шараға 37 елден келген 1000-ға жуық спортшы қатысады. Олар 70 медаль жиынтығын сарапқа салмақ. Маңғыстау намысын додада 12 спортшы қорғайды.