Қазақстан Президенті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Германияның ұлттық павильонының экспозицияларын аралап көру барысында көлік құралдары мен тұрғын үйді жетілдіруге қатысты неміс өнеркәсібі мен ғылымы әзірлеп шығарған инновациялық шешімдермен танысты. Екі ел президенттері жел, күн және су электр стансаларының үлгілері, электр қуатымен қозғалатын болашақ көлік экспонаттары қойылған «Болашақтың картасы» және «Болашақтың қаласы» атты көрме алаңдарын аралап, «Энергетикалық шоу» көрсетілімін тамашалады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Германия павильонының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Германия Президентіне Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонын көрсетті. Бұл жерде екі елдің көшбасшылары Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған интерактивті экспозициялармен танысып, павильонның 8-қабатында орналасқан «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясын көрді. Экскурсия соңында Франк-Вальтер Штайнмайер көрменің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Дереккөз: akorda.kz [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="30130,30134,30131,30132,30133"]