©
Астана күні қарсаңында «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» Маңғыстау облыстық филиалының бірінші хатшысы Роза Махамбетова бір топ журналистерді қабылдады.
- Биыл коммунистер жеңіске жеткен Қазан төңкерісіне 100 жыл толады,-деді ол.-Біздің қатар-құрбыларымыз, алдымыздағы аға буын өкілдері өмір сүрген Кеңес Одағының тарихында басты рөлі болған бұл атаулы күнге дайындық жүріп жатыр. Бүкіл саналы ғұмыры сол заманда өтіп, білімі мен еңбегін елдің өсіп-өркендеуіне арнаған қарияларымыз жүр ортамызда. Олардың балалық, жастық шағы, өмрінің ең бір мәнді кезеңдері өткен, енді қайтып қайрылмайтын жылдарды сағынатыны анық. Қазан төңкерісінің мерейтойы аясында сол кісілердің бір қатарын мерекелік медальмен марапаттамақпыз. Жоспарлап отырған басқа да шаралар бар. Ал негізгі мақсаттарымыздың бірі—елімізде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дами түсуіне барынша ықпал ету.
Бейресми басқосуда коммунистер мен журналистер арасында Қазақстан Республикасының бүгіні мен келешегінің жарқын болуына партиялардың тигізіп жатқан пайдасы, еліміздің өркендеу жолдары жайында әңгіме өрбіді.
Кездесу соңында Роза Қарымсаққызы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Компариятның облыстық филиалының Алғыс хатын тасырды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА