1-шілдеден бастап газ бағасы қымбаттады. ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған газдың жалпы бағасын белгіледі. Бұған дейін 28 мың теңге болып келген газ бағасы 34319 теңгеге дейін көтерілді. Бұл туралы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева мен монополияға қарсы департамент басшысының орынбасары Бақыт Бекмұратов өткізген баспасөз мәслихатында айтылды. -Газдың көтерме бағасы қымбаттады,-деді Венера Тұранқызы.-Өңіріміздегі ең газ операторларының бірі саналатын «ҚазМұнайГаз Өнiмдерi» ЖШС-де сұйытылған газдың 1 литрінің бағасын 40 теңге. Көгілдір отын саудасымен айналысатын жеке кәсіпкерлер газты осында белгіленген бағаға қарай сататын. Бұдан былай да кәсіпкерлер газ бағасын асыра арттыра қоймайды деп сенеміз. -Жеке кәсіпкерлер газ бағасын қойған кезде тасымал және басқа шығындарды да қоса есептейтіні анық. Әркімнің жұмсалатын шығын мөлшері әр түрлі болғандықтан кәсіпкерлердің ешқайсысына нақты баға талап ете алмаймыз. Кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестік те бар. Ешқандай кәсіпкер газға тым қымбат баға белгілеп, тұтынушыларды үркітіп алуға құылықты емес деп ойлаймыз. Дегенмен, газ бағасына байланысты белгілі бір кәсіпкердің үстінен шағым түсіп жатса, біз оны тексеріп, ескерту жасай аламыз,-деді Б.Бекмұратов. Газ бағасының орынсыз қымбаттауына байланысты 438414, 305075 телефондары арқылы байланысуға болады.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА