©
Өткен жексенбіде бір топ журналистер қауымы Каспий теңізі жағалауына демалуға барды. Журналистер күніне орай "Эко Мангистау" үкіметтік емес ұйымы "Сая" демалыс аймағында "Квест" ойынын ұйымдастырды. Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы қолдау білдірген бұл демалыста ойын да, би де, ән де, әдемі тағамдар да болды. - Барлық журналистерді төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Төртінші билік өкілдері деп атауымыз тегін емес. Журналистер де демалуға лайықты! Денсаулық, бақыт, әрі еңбегіңізге табыс тілейміз. Мерекеден мерекеге жете берейік, - деді демалысты ұйымдастырушы, "Эко Мангистау" ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.Айгүл ДӘДЕН