©
Мемлекеттік қызметшілер және полиция күні Мұнайлы ауданында ерекше атап өтілді. Бір қызығы бұл басқосуға бірде бір өнерпаз шақырылмады. Мерекелік кештің көрігін қыздырғандардың барлығы да қос саланың қызметкерлері болды. Олар осылайша өнерден де құр алақан еместігін паш етіп, өздерінің тек қана кәсіби шеберлікпен шектеліп қалмайтынын көрсете білді. Мерекелік жиында сондай-ақ мемлекеттік қызметке жаңадан келген жастар ант қабылдап, екі мамандықтың да үздік қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Ауданға, облысқа, өз саласына елеулі еңбегі сіңген полицейлер "Қазақстан полициясына -25 жыл" төсбелгісін тақты.Шахида Жұман