©
Ақтау қалалық ауған соғысы ардагерлерінің "Боевое братство" қоғамдық бірлестігі Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының жол патрульдік полициясы қызметкерлерімен "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға өз үлесімізді қосайық" тақырыбында кездесу өткізді. Онда Мұнайлы ауданындағы орталық " Ар-Рахман" мешітінің ұстазы Осман Абдирханов дәстүрлі дін мен теріс діни ағымдар арасындағы айырмашылықтар туралы әнгімелеп, бұл тұрғыда полиция инспекторлары ескеруге тиісті жайттарды баяндап берді. - Жат діни ағымдарға ауылда, үлкен кісілердің тәрбиесінде, салт-дәстүрді біліп өскен балалар бара бермейді. Олардың жетегінде кеткендердің көбі орыс тілінде білім алған жастар болып шығады. Сонымен қатар мешіттердегі уағыздар тек қана қазақ тілінде жүргізілетіндіктен, қазақ тілін түсінбейтін балалар көбіне алғашқы кездескен адамнан діни түсінік алып, адасып жатады. Сондықтан қазір еліміздеге исламтану саласындағы жоғары оқу орындарында орыс тілді топтар ашылып, мамандар дайындалуда,- деді ол. Бірлестік төрағасы Мәтжан Шаулиев та сөз алып, тақырыпқа өз қосарын айтты.