©
Әр он жыл сайын ЭКСПО көрмесі қанатын кеңге жайып, өз аясын кеңейтіп келеді. Мәселен, кейінгілерін ХІХ ғасырда Альберт ханзада өткізген көрмемемен салыстыра алмаймыз. Күрделенгені соншалық көрме екі бағытқа да бөлінді. Олар: Халықаралық әмбебап көрме және мамандандырылған халықаралық көрме. Біріншісі әр 5 жыл сайын өткізіледі, мұнда алаңдар мен тақырыптарға шек қойылмайды. Ал екіншісі осы әмбебап көрменің арасында өтеді және 3 айға созылады. Дәл сондай көрме қазір біздің елімізде болып жатыр. Тақырыбы – «Болашақ энергиясы». ЭКСПО қай кезден бастау алды? Кім ойлап тапты? Қандай ашылулар болды? Осы және өзге де көрме туралы қызықты ақпараттарды біле жүріңіз! -Ең алғашқы ЭКСПО 166 жыл бұрын 1851 жылы Лондон қаласында өтті. 20 аптада көрмені 6 миллион адам тамашалап үлгерген. Ол кезде Лондон қаласында 3 миллион тұрғын болған. Көпшілік Ұлыбритания королевасы Елизавета ІІ ұрпағы Альберт ханзаданы – ЭКСПО-ның атасы деп біледі. [caption id="attachment_28186" align="aligncenter" width="950"] Лондон, 1851 жыл[/caption] -Алғашқы ЭКСПО-дан 186 000 фунт стерлинг жиналған. Ол бірнеше мұражайдың құрылысына (Оның ішінде Виктория мен Альберт мұражайлары да бар) жұмсалған. -Франция императоры Наполоен ІІІ ауқымды шараны өз елінде де ұйымдастыруды қалайды. Сөйтіп, 1855 жылы 15 маусым мен 15 қараша аралығында Париж қаласында көрме өтеді. Оған 5 миллионнан астам адам қатысады. [caption id="attachment_28188" align="aligncenter" width="950"] Париж, 1855 жыл[/caption] -1873 жылы Австрияның Вена қаласындағы ЭКСПО кезінде су тасқыны орын алып, үлкен апат болды. [caption id="attachment_28183" align="aligncenter" width="950"] Вена, 1873 жыл[/caption] -1876 жылы көрме АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтті. Онда телефон, телеграф, жазу машинасы және «Хайнц» томат пастасы ең алғаш рет көпшілікке таныстырылды. [caption id="attachment_28190" align="aligncenter" width="498"] Филадельфия, 1876 жыл[/caption] -1933-1934 жж. ЭКСПО-ны Чикаго қаласы өткізді. Көрменің сәтті өткендігінің белгісі – 39 миллион адам тамашалап, шығынды ғана өтеп қоймай, елге мол пайда түскен. Көрмеде арқанжол (канатная дорога) және жарық шоуы таныстырылды. Бельгия әлемдегі ең алғашқы луна-паркті ұсынды. [caption id="attachment_28191" align="aligncenter" width="950"] Чикаго, 1933-1934[/caption] -1958 жылғы Брюссельдегі көрмеде жұрт спутникпен, атом эелектр станциясының макетімен, болашақ компьютерлерге арналған қозғалтқыштармен танысты. Брюссельге 41 миллион адам келіп, ЭКСПО-ны тамашалады. [caption id="attachment_28182" align="aligncenter" width="949"] Брюссель, 1958 жыл[/caption] -1962 жыл. Сиэтл. ЭКСПО. IBM компаниясы алғашқы компьютерлерді жұртшылық назарына ұсынды. Сондай-ақ, келушілер қабырға теледидарларын, электронды кітапхана, гидроэлектрлі бөгет т.б. жаңалықтарға да куә болып қайтты. [caption id="attachment_28189" align="aligncenter" width="950"] Сиэтл, 1962 жыл[/caption] -1967 жылғы көрме Мәскеу қаласында өтеді деп белгіленген. Дегенмен 1962 жылы КСРО көрмені өткізуден бас тартады. Сөйтіп ЭКСПО Монреальда өтті. Бұл кезеңнің ерекшелігі – қазіргі таңдағы кинотеатрлардағы танымал IMAX жүйесінің ұсынылуы. Канадада 20 миллион халық тұрса да, көрмеге 50 миллион адам қатысқан. [caption id="attachment_28187" align="alignnone" width="950"] Монреаль, 1967 жыл[/caption] -1970 жылы Жапонияның Осака қаласындағы көрме электронды микроскоптың, ғарыш кемелерінің, гиганттық роботтар мен электромагнитті жастықшасы бар пойыздардың тұсауын кесті. [caption id="attachment_28184" align="aligncenter" width="950"] Жапония, 1970 жыл[/caption] -2017 жылғы Экспоны өткізу үшін Астанамен қатар Белгияның Льеж қаласы дауысқа түскен. Жасырын дауыс беру қорытындысында Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. -ЭКСПО-2017 93 күнге созылады. -Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме. -Көрмеге әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым, 5 миллионнан астам адам қатысады деп жоспарланған. - Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше болды. ЭКСПО-ға 2005 жылдан бері қатысып келеді. -2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында өткен көрмеде 104 елдің ішінде біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.Дайындаған Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынды