©
Комуникация қызметінде өткен бас қосуға қатысқан Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Л. Бекжанов, Ақтау қалалық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары М. Қойшығұлов осы «Нұрлы жер» бағдарламасы жайында баяндады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 6 сәуіріндегі №030 Үкімімен бектіліген «Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы Маңғыстау облысына облигациялық қарыз есебінен 1336,788 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа жалпы алаңы 83,6 мын шаршы метр ( пәтерлер саны-1198) төмендегідей тұрғын үйлер құрылысы салынуда; Ақтау қаласының 33 «Аққу» шағын ауданында үшінші кезектегі, 34 шағын ауданында 240 пәтерлі , Мұнайлы ауданында тиімділігі ІІІ каласс санатымен екі 24 пәтерлі, ІҮ класс санатымен он 24 пәтерлі тұрғын үйлер. 2018 жылға белгіленген 640 пәтерлі тұрғын үйден басқасының барлығын ағымдағы жылдың аяғында тапсыру жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен 2016 жылы Үкімет «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасын жасақтады. Аталған бағдарлама ипотекалық несиені қолдауға бағытталған.
Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қордан 1 562,5 миллион теңге бөлініп, бұл қаражат жалпы алаңы 28,9 мың шаршы метр ( пәтер саны -352) сатып алу құқынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылыстарына жұмсалуда. Атап айтқанда , Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосында тиімділігі ІҮ класс санатымен сегіз 24 пәтерлік төртқабатты жалға берілетін (2018 жылға өтпелі) тұрғын үйлер. Батыр селосының «Емір» шағын ауданында 40 төрт пәтерлік тұрғын үйлер, мұның 17-сі 2017 жылы, қалған 23-і 2018 жылы тапсырылмақ. Қазіргі уақытта Ақтау қаласының 19А шағын ауданында тоғыз қабатты тиімділігі ІҮ класс санатымен 7 тұрғын үй құрылысына жоба жасақталуда, құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталады.
- Тұрғын үйлерді мерзімінде тапсыруды және инженерлік желілермен жабдықтау мақсатында инженерлік коммуникация инфрақұрылымы құрылысына республикалық бюджеттен 271,688 миллион теңге, Ұлттық қордан 4067,622 миллион теңге қаржы бөлінген. Қаражат Ақтау қаласының 32 А және 34 шағын аудандарында инженерлік желілер жүргізу, Жыңғылды тұрғын массиві мен Атамекен, Баянды-3 селоларын сумен жабдықтау, С.Шапағатов селосына газ және электр желілерін тарту, Батыр селосын сумен жабдықтаудың 1 және 2 кезектегі құрылысына жұмсалуда. 2017 жылдың 1 маусымына дейін республикалық бюджеттен 110,0 миллион теңге, Ұлттық қордан 1203,956 миллион теңге қаражат игерілді, - деді облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Лепес Бекжанұлы.
Айтылған ақпаратқа сүйенсек, қолжетімді тұрғын үй жетіспеушілігінің мәселесін шешу үшін келешегі бар және қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй құрылысын дамытуға төмендегі бағыттар арқылы Ұлттық қордан қаржыландыру жолымен тұрғын үй инфрақұрылымы бекімек. Атап айтқанда, «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 32А шағын ауданда коммерциялық жайларымен 9-14 қабатты тұрғын үйлер (жалпы алаңы-48,9 мың ш.м., пәтерлер саны-812) тұрғызады. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ 32 А шағын ауданда 7,7 мың шаршы метр 150 пәтерлік 5 қабатты және жалпы алаңы 34,2 мың шаршы метрлік 7-9 қабатты тұрғын үйлер құрылысын, «Бәйтерек –Девелопмент» АҚ 17 шағын аудандағы жалпы алаңы 34,2 мың шаршы метрлік 540 пәтерлі «Айрақты» тұрғын үй кешенін салады.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасында тұрғын үй құрылысын одан әрі дамытумен бірге, жеке тұрғын үй салу бойынша пилоттық жобаны іске асыру көзделген. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үй құрылысы комбинаттарының технологияларын қолдану жолымен жобалық-техникалық құжаттар және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жүргізуді ұйымдастырады.
- Осыған байланысты Сәулет құрылыс басқармасына Сайын Шапағатов селосындағы 412,6 гектар, Ақшұқыр селосындағы 700,5 гектар және Ақтау қаласы мен Ақшұқыр селосы арасындағы 850 гектар қордағы алаңдарға жан-жақты жоспар жасақталуда. Әркімнің 10 соттық жерге ие болғаны жақсы-ақ. Бұл жерде тағы бір мақсат-берілген жерге салынған үйлердің «кескін-келбеті» әсем болғаны, бекітілген бір текті жобамен салынуы көзделіп отыр. Бой көтермек ауыл көркіне баса назар аударылмақ, -дейді Лепес Бекжанұлы.
БАҚ құралдары өкілдерімен кездесуде білім беру, денсаулық сақтау нысандары бойынша да ақпарат берілді. 2017 жылы Құрық селосында 300 орындық, Жаңаөзен қаласының «Арай» шағын ауданында 900 орындық, Шетпе және Сайын Шапағатов селоларында 600 орындық мектеп құрылыстарына республикалық бюджеттен 5,3 миллиард теңге, Жаңаөзен қаласының «Рауан», «Рахат» шағын аудандарында 900 орындық, Басқұдық және Қызылтөбе селоларында 600 орындық мектеп құрылыстарына Ұлттық қордан 5,9 миллиард теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда Басқұдық пен Қызылтөбе, Құрық селосындағы мектептер құрылыстары басталды. Нысан құрылыстарын 2018 жылы тапсыру жоспарлаған.
Сондай-ақ ағымдағы жылы «Ақтау» қаласындағы «Ана мен баланы қорғау орталығы» нысанының құрылысы тапсырылады. 2018 жылға Мұнайлы ауданында 150 орындық орталық аурухана құрылысы, Ақтау қаласында медициналық жедел жәрдем бекеті ғимыраты» құрылыстарын салу жоспарланған. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға конкурстар өткізілуде.
Бас қосуда журналистердің кұрылыс сапасы, шағын отбасыларына арналған үйлер, жатақханалар салу жайы, бөлінетін жер аумағы, пәтер бағасы, басқа да көпшілікті толғындырар мәселелер жайында қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.
Болат ҮМБЕТОВ