©
Көптен күткен тарихи сәтіміз де келіп жетті. Бүгін, яғни 9 маусым күні Қазақстанның әлеуетін көрсететін, елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін беретін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шараның тікелей көрсетілімі 18:00-де 15 ш/а теңіз жағалауында арнайы LED экраны арқылы көрсетіледі. Барша қала тұрғындарын тарихи сәттің куәсі болуға шақырамыз. Тамаша кештен қапы қалмайық!