Маңғыстаудан ЭКСПО-ға 50 ерікті барады
[ 2017 ] 8 маусым, 11:20 | Жаңалықтар
«ЭКСПО-2017» көрмесінде еріктілер қатарында қызмет көрсетуге ниетті жастар көп. Маңғыстаудың өзінен 150 еріктінің ішінен 50-і іріктелініп алынды. Олардың басым бөлігі – студенттер. Еріктілер тобын жасақтауда ең алдымен көрмеге келген қонақтармен сөйлесуге бейімдігі ескерілді. Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Фазылбек Абылай Фазылбекұлы еріктілердің барлығы ағылшын тілін ең жоғары деңгейде білетінін және білуі үшін қазіргі кезде жұмыстанып жатқанын айтты. Толығырақ сұхбатымыздан оқи аласыз.
- Көрмеге еріктілер қалай іріктілініп алынды?
- «ЭКСПО-2017»Халықаралық мамандандырылған көрмесінің еріктілері 2016 жылдың қазан айынан бастап іріктелді. Олар арнайы ағылшын тілі, психолог мамандаремтиханынан өтті. Одан бөлек, еріктілер 3 тілде:қазақ тілі мен орыс тілі – еркін, ағылшын тілі – сөйлесе алу деңгейінде білуі тиіс деген талап қойылды. Біздің облыстың атынан баратын еріктілер қатарында 3 тілден басқа қытай, жапон, үнді, француз тілін білетін еріктілер бар.
- «ЭКСПО-2017» көрмесін Маңғыстауға насихаттауда қандай шаралар атқарылды?
- ЭКСПО-ны Маңғыстау облысына насихат жұмыстары көптеп жүргізіліп жатыр. «Toyota center» автосалонымен бірлесіп, автошеру ұйымдастырылды. Cауда үйлеріне, теңіз жағалауларына барып, қала тұрғындарына арнайы «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы сауалнамалар жүргізіліп, сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды. Ойын барысында 5 сұрақ қойылды,сұрақтардың барлығына дұрыс жауап бергендерге «ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттері тегін таратылды. Ал толық жауап бере алмаған қала тұрғындарына «Kcell» ұялы байланыс центрінің брелоктары табысталды. Сондай-ақ, қала тұрғындарына арнайыкітапшалар, күнтізбелер таратылып насихат жұмыстары жүргізілді. Дәл сондай насихат жұмыстары әуежайда, халықаралық рейспен келген жолаушыларға «Домбыра» өнер колледжімен бірлесе отырып «Домбыра Party»ұйысдастырылды. Әуежайда да сауалнама легі жалғасты.
- ЭКСПО көрмесінде еріктілер қандай қызмет атқарады?
- ЭКСПО көрмесі 3 маусымнан тұрады. Маңғыстау облысы еріктілері 2-маусымда қызмет етеді. 2-маусымның өзі 3 кезеңнен тұрады: күндізгі, кешкі және түнгі. Түнгі кезекте еріктілержұмыс істемейді, өйткеніоған арнайы құрылған мамандар бар. Маңғыстау облысынан баратын еріктілер күндізгі және кешкі кезеңдерде 16 бағыт бойынша қызмет етеді. Олар автотұрақ қызметі, қауіпсіздік, мәдени іс-шаралары, «ЭКСПО-2017» қалашығындағы қонақтарға көмек көрсету, билет тексерусияқты бағыттағы жұмыстар.Сондай-ақ, Астана қаласына барған кезде арнайы формалар беріледі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жатақханасына орналастырылады.
- Қазіргі таңда еріктілер ЭКСПО көрмесіне қалай дайындалып жатыр?
- Еріктілерге осы « Арман» жастар үйінен арнайы кабинет бөлінген. Сол жерде барлығы ағылшын тілінде «speaking club» өткізеді. Бір-бірімен пікір алмасып дайындалады.
- Көрмеге баратын еріктілердің ата-аналары қарсы болған жоқ па?
- Ата-аналары қарсы болған жоқ. Себебі, біз ата-аналармен келісім шартқа отырдық және еріктілердің өзіменде арнайы келісім шарқа отырдық.
- Еріктілерден бөлек көрмеге тағы кімдер барады?
- Барлығы – 50 ерікті және 2 жауапты тұлға. Жауапты тұлғалар – Маңғыстау облысы жастар ресурсы орталығы мен Ақтау қалалық жастар орталығы мамандары. Сонымен бірге, денсаулық сақтау басқармасына хат жазып, бір дәрігер маманды өзімізбен бірге алып баратын боламыз.
Әңгімелескен Жансая ОРАЗБАЙ
1071
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.