• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 26 Маус. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қарақияда мемлекеттік қызметкер конкурссыз қабылданды...

Маңғыстаулық 60-қа жуық оқушы "IQanat" финалына бара жатыр...

Қарақияда 29 түлекке «Алтын белгі» мен «Үздік Аттестат» табысталды...

Бейнеуде «Алтын белгі» иегерлері марапатталды...

Ақтаулық түлектерге «Алтын белгі» медалі табысталды...

  • USD: 467.29 ₸
  • EUR: 501.03 ₸
  • RUB: 5.35 ₸

Ақтау ажары айшықталады

[ 2017 ] 24 мамыр, 04:50  |  Жаңалықтар

Түнгі Алматы бейнесі  талай ән  арқауына, әсерлі әңгіме өзегіне, жып-жылы естелікке айналған ерекше көрініс екенін бәріміз білеміз. Жалт-жұлт жанып, жайнаң қаққан  қызыл-жасыл шамдар көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, алып шаһар  көркін асыра түседі. Әлем елдерінде  түнгі қала көркі мен түр-түсіне ерек мән беріледі. Мәселен, Париж, Лондон, Нью-Йорк сынды сәулеті мен сымбаты астасқан алып шаһарлардың түнгі келбеті көк жұлдызындай жымыңдасқан шырақтарымен баурайды. Сол секілді көк теңіз  жағалауында орналасқан ақмаржан Ақтаудың түнгі ажарын аша түсу,  көркіне көрік қосу жақын келешекке көзделген жоспарлардың бірі болатын. Биылдан бастап өңір басшысының қолдауына ие жаңа жобаны «OLYMP UNION» компаниясы жүзеге асырмақ. Аталған мекеме Алматы, Астана қалаларын жарықтандыру, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аумағын көріктендіру бойынша зор тәжірибеге ие. «OLYMP UNION» компаниясы он жыл ішінде Астана шаһарында Сулы-жасыл желек, Орталық саябақ аумағын, 12 көше бойын,  Алматыда 182 ғимаратты жарықтандыру бойынша біршама істер атқарды. Мәселен, биылдан бастап  Орталық алаң,  Президенттік саябақ аумағын жарықтандыра түсудеміз. Жұмыс барысында заман талабына сай әрі экономикалық тиімді жарық диодты шамдар қолданылады. Мәселен, жоспарда белгіленген есептік көрсеткіштерге сүйенсек, Ақтаудағы «Астана алаңын» жарықтандыру  үшін 15 кВт электр қуаты қажет. Компания үш жылға дейін кепілдік береді. Біз қалалық әкімдіктің «электр желілері басқармасымен» бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Әрі қызметкерлерді оқыту ісі бойынша келіссөздер жүргізіледі»,-дейді «OLYMP UNION» компаниясының басшысы А.Желдібаев. Компания Ақтау қаласында орналасқан 50 ғимаратты жарықтандыруға жұмыстанады. Қазіргі таңда  қала бойынша 25 ғимаратты түрлі-түсті жарықпен безендіру дизайны ойластырылып, жобасы  жасақталды. Компанияның бас дизайнері О.Фадеев жергілікті ғимараттарды сәулетті жарықтандыруда бірнеше санатқа бөлетіндігін ескерді. Әкімшілік, қоғамдық ғимараттар, тұрғын үй кешендері мен қонақүйлер, өндірістік кәсіпорындар, саябақ, сквер, аллея мен ескерткіш орындары сынды кіші сәулет нысандары өзіндік ерекшеліктеріне орай көрнектеледі. Ақтау қаласын арнайы безендіру барысында көк пен сары түстеріне басымдық беріледі. Көк - кәрі Каспийдің символы, ал сары Күн нұрына малынған қала көркінен хабар береді. «Жарық диодты шамдар экологиялық таза әрі пайдалану мүмкіндігі мол шамдар ретінде есептелінеді. Біз италиялық шамдарды қолданамыз. Заман талабына сай жоғары жарық технологиясын пайдалану арқылы ғимараттарды сан алуан интерактивті түске бояп, сан қилы жарық  қозғалысын қалыптастыруға болады. Жарықтандыру дизайні ғимарат ерекшелігіне сәйкес жасалады. Егер әкімшілік ғимарат болса, әрине, салмақты көзқарас қалыптастыратын түс таңдалады. Ал көңіл көтеру орындарына динамикасы зор, бояуы қанық түстер қолданылады. Ескере кетер нәрсе, салқын түске боялған ғимаратты жылы түспен жарықтандыруға болмайды. Жоба толық аяқталып, құжаттар рәсімделісімен іске кірісеміз. Монтаждау, қондыру жұмыстарына біршама уақыт кетеді»,-дейді  компанияның бас дизайнері О.Фадеев.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ Серік МАЙЕМЕРОВ

972
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар маңғыстау жаңалықтары анонс
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Газға кезекке тұрған көліктер тізімі қағазға жазыла бастады (ФОТО)

Келесі жаңалық

Салықтар – аймақ бюджетіне үлес

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    4368

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    4038

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    3361

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    3370

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    4327

    Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

    [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
    4246

    Рубрикалар

      анонсТағайындауМұнайлыХабарландыруЖаңалықтарБайқауСұхбатФотоАшық қоғам

    Автордың басқа да жазбалары

    «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

    [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
    1635

    Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

    [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
    2716

    Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

    [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
    1613

    Сапалы өнім – табыс көзі

    [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
    1964

    Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

    [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
    2127

    Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

    [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
    1524

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»