©
2004 жылдан бері Маңғыстау облысының тұрақты даму және әлеуметтік-экономикалық жаңғырудағы мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында бағдарлама жүзеге асқан болатын. Кеше аталмыш бағдарлама аясында «Апаттар тәуекелі талдауының нәтижелері: қорытындылар мен ұсынымдар» атты семинар-кеңесі өтті. Семинар мақсаты – Ақтау қаласы мен пилоттық Маңғыстау ауданында балалардың әлсіздігіне басты назар аудара отырып, апаттар тәуекеліне жүргізу және талдау нәтижелерін ұсыну. Барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып, қорытындылар мен ұсынымдар шығару. Отырысқа облыстық және Маңғыстау аудандық жұмыс тобы өкілдері, оның ішінде қала, аудан әкімінің орынбасары, білім бөлімі, жалпы білім беру мектептері, ЖОО, балалармен және жастармен жұмыс істейтін, әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қатыстырылды. Семинарда сарапшы мамандар талдау нәтижелерімен таныстырып, апаттар тәуекелін төмендету бойынша ұсынымдарын білдірді. Олар: Кулик Виталий – «ЗУБР» Консалтинг – Орталығының директоры, ЮНИСЕФ сарапшысы. Анна Стативкина – ҚР-дағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) балалар өмірі бойынша бағдарлама үйлестірушісі, Астана қаласы. Татьяна Тен – БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Аймақтық кеңсесінің ТЖ және апаттар тәуекелін төмендету бойынша маманы, Алматы қаласы. Юлия Натарова – «ЗУБР» Консалтинг – Орталығының әлеуметтік-экономикалық даму бойынша кеңесші-аналитигі, ЮНИСЕФ сарапшысы. Зерттеу барысында Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының тұрғындар, мұғалімдер және оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп, қорытындылар сараланды. Сауалнамада елді мекенге соңғы 5 жылда тән табиғи апаттар, төтенше жағдайларда тұрғындарға жедел хабар берілуі, апат кезіндегі тығылатын орындар, тұрғындар, әсіресе, балалар табиғи апаттарда өзін қалай ұстау керек деген тәрізді мәселелер қамтылған. Аймақ тұрғындарына жүргізілген сауалнама нәтижесіне орай бірнеше іс-шаралар ұсынылды. Атап айтар болсақ, *Нөсер салдарынан су басу қаупі бар кенттер мен ауылдарды су сорғыш техникамен, су насостарымен қамтамасыз ету; *Төтенше жағдайларда тығылатын жер ретінде пайдалануға болатын жекеменшік және коммерциялық ғимараттарды күшейту; *Ерікті-құтқарушылар топтарын құтқаруға қажетті құрал-жабдықтармен, құрылғылармен қамтамасыз ету; *Қалалар, кенттер, ауылдарда жергілікті тұрғындар қатарынан ерікті-құтқарушылар топтарын құру, оларды оқыту; *Төтенше жағдайлар туралы хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару тиімділігін арттыратын жаңа технологияларды енгізу; *Әлеуметтік маңызды нысандардың қауіпсіздігін бағалауды жүргізу;