©
Кеше Ақтау қаласындағы «Pаlazzo» мейрамханасында елімізге белгілі бизнес-тренер Ахметбек Нұрсиланың шеберлік сыныбы өтті. «Әр қазақ бай болуы тиіс» деп айдар таққан семинар көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, кәсіп ашудың алғашқы қадамдарымен таныстырды. *Сұранысқа ие саланы таңдау; *Жарнама жасау; *Ақшасыз бизнес бастау жолы; *Клиенттерді тарту; *Кәсібіңіздің табысын 2 есе өсіру жолдары; Қатысушылар осы төңіректегі мәліметтерді тыңдап, кәсіп бастаудың қыр-сырына қанықты. Тренер бір сөзінде Қазақстанның Батыс өңірінің, соның ішінде, Маңғыстаудың кәсіп ашуға өте ыңғайлы мекен екенін айтып өтті. Жиынға өз ісін бастап, табысын ұлғайтуды көздеп жүрген жүздеген ниетті қатысты. Қаладан бөлек Шетпе кенті, Жаңаөзен қаласы, қала маңындағы ауыл тұрғындары да төбе көрсетті. «Адам өмірде әрбір қадамды, істі өзін бақытты сезіну үшін жасайды. Ал бақытты сезіну әркімнің өз қолында. Ол үшін адамның өзіне деген сенімі, құрметі болуы керек. 3-4 сағаттың ішінде мен сіздердің өмірлеріңізді өзгерте алмаймын. Бірақ сатыларыңызды, ойларыңызды өзгертуге тырысамын. Адам жасағанды адам жасай алады. Бүгінгі айтылған сөздерді ертеңге қалдырмай, бірден кірісетін болсаңыз, нәтижеге қол жеткізесіз. Сондықтан қазір өз басымнан өткен тәжірибелерімді, әлемнің үздік кәсіпкерлерінен, табысты тұлғаларынан алған білімімді сіздермен бөлсетін боламын», - деді «Бизнес-бастау» кәспкерлік мектебінің басшысы, тренер Ахметбек Нұрсила. Жиналғандардың ұмтылысы, өңірді, кәсіпті дамытуға деген ниеті айқын аңғарылып тұрды. Оған залда ине шаншар орынның қалмауы да дәлел болғандай. Тіпті, біраз бөлігі бірнеше сағат бойы тапжылмай, тренердің кеңесін тізе бүкпестен тыңдады. Сабақ барысында қызықты ойындар, сергітулер жасалды. Жолы болған кей қатысушылар «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің 60 күндік «Аламан» оқыту курсының тегін және жеңілдікпен оқыту мүмкіндіктеріне ие болды.Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ