©
Бұл сәуірдің 7-сі күні Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары және Маңғыстау облыстық «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшыларымен кездесу барысында белгілі болды.
Кәсіби бағдар беру бағыты бойынша өткен кездесуге Маңғыстау облыстық өңірлік кәсіпкерлер палата директоры Олжас Каржауов, «Адами капиталды дамыту» бөлмінің басшысы Гүлжан Әлиқызы, осы бөлімнің 1 дәрежедегі сарапшысы Жарас Ахметов, Бизнес тренер Еркін Атабаев, «Маңғыстау» КҚКО инвесторлармен жұмыс және өңірлік тауарларды экспорттау бөлімінің басшысы Айнұр Тұмышева секілді лауазымды тұлғалар арнайы спикер ретінде шақыртылды. Ал кәсіпкер әрі бизнес-кеңесшілермен жүздесуге зияткерлік мектептің 9-10 сыныптағы 23 оқушысы қатысты. Мектеп директоры Ермек Пайзов кәсіпкерлер палатасының делегациясына арнайы кампус-тур ұйымдастырып, білім беру жүйесіндегі ерекшеліктер мен артықшылықтарды баяндады.
Содан соң, конференц-залда мамандық таңдау, кәсіпкерлік, палата жұмысы жайлы әңгіме өрбіді. Алғашқы болып сөз алған палата директоры Олжас Каржауов, мамандық таңдау маңызды екендігін, кез келген адам өзінің қолынан келетін әрі ұнайтын істі ары қарай дамытуға күш салу керек екенін жеткізді. Кейін инвесторлармен жұмыс және өңірлік тауарларды экспорттау бөлімінің басшысы Айнұр Тұмышева аймаққа инвесторлар тарту жұмыстары жайлы, өлкеміздегі тың кәсіпорындар туралы айтып, оқушылардың қызығушылығын оятты. Сондай-ақ, ол:
Кейін оқушылар сауалдар қойып, өз пікірлерін айтты. Сонымен қатар, қонақтар жиналғандарға мамандығы басқа болса да, тәуекелге бел буып өздері ұнатқан кәсіппкен айналысқан жандар туралы бейнематериал ұсынды.
Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі