©
Қарақия ауданының әкімі Әділбек Дауылбаев мырзаға
Бұл сауал осы жолмен әрі-бері қатынайтын қарапайым халықты көптен бері мазалап келеді. Түрлі шаруамен, құжаттар алу үшін аудан орталығы Құрыққа баратын ауыл адамдары саны өте көп. "Жетібай — Құрық" жолы - жол деген атауы болмаса, бомба түскендей ойдым-шойдым, быт-шыты шыққан. Жаңа сатып алған көліктеріміз осы жолмен жүріп күніне жетпей тозып қалуда. Елу бес жылдан бері мұнай өндіретін өлкеміз үшін осындай күй кешу лайық па? Осы жолды күрделі жөндеуден өткізуді тезірек қолға алса екен. Аудан, облыс басшылары сол жолмен жүріп көрсе, оның қандай жағдайда екеніне көз жеткізіп, ұялар еді-ау деп ойлаймын. Құрықтан керемет паром кешенін салып жатырмыз деп бөркімізді аспанға лақтырып мақтанып жүрміз. Болсын, ол қуанарлық жағдай. Ал, сонда, көктегі, судағы емес, қара жердегі жолды жөндемегеніміз қалай?
Гүлшара Теңізбаева, Приозерный кенті