©
2010 жылы қазақтың ұлттық күресімен айналысушылар саны 30 мыңға жетсе, 2016 жылы 100 мыңға жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев хабарлады.
«Біздің Халықаралық қазақ күресі федерациясын құру идеямызды әлемдегі серіктестеріміз қолдау білдірді. Ендігі кезекте, қазақ халқының ұлттық күресінің бөлімдері АҚШ-, Жаңа Зеландия, Гана, Камерун, Уругвай және тағы басқа елдерде ашылады»,-деді Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат Бозымбаев.
Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев Астанада Халықаралық қазақ күресі федерациясының Құрылтайшы Конгресінің өткізілетінін де атап өтті.
Спикердің айтуынша, Бұған 36 елдің делегаттары қатысты. Австралия, Гана, Канада, Жаңа Зеландия, Уругвай, Германия және тағы басқа елдердің өкілдері өз аймағында қазақ күресінің дамуын қолдады. Конгрес қатысушыларының арасында танымал спортшылар мен жаттықтырушылар атап айтсақ, Дзюдо бойынша Олимпиада ойындарының қола жүлдегері мен әлем чемпионы күміс жүлдегері, сондай-ақ, «Әлем барысы» турнирінің жеңімпазы Брайсон Ведаль Оскар Рене (Куба), Олимпиада чемпионы Лукаша Крпалектің жеке жаттықтырушысы Лойер Джаромир (Чехия) және тағы басқалар болды.