Отанды қорғау – әр азаматтың борышы. Қазақтың батыр ұлдары ел басына күн туғанда атқа қонып, жерін, елін қорғаудан таймаған. 27 сәуір күні Маңғыстау облысы Қорғаныс Күштері департаменті алаңында ҚР Қарулы Күштері шұғыл әскери қызмет қатарына шақырылған бірінші топты салтанатты түрде шығарып салу жиыны өтті.
- Біз Жамбыл облысы Гвардейский поселкесінде орналасқан Қазақстан Республикасының 30212 ВС РК Құрлықтағы әскери бөлім құрамына 55 жас қорғаушыны аттандырып жатырмыз. Бұл Тәуелсіз Қазақстандағы бірден-бір заманауи стандарттарға сай мықты әскери бөлімдердің бірі, - деді аталмыш жиында Маңғыстау облысы Қорғаныс Күштері Департаменті басшысы орынбасары, подполковник Бекмұратов Сейілжан Ерсұлтанұлы.
Салтанатты мереке қарсаңында Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департементінің басшысы қызметін уақытша атқарушы Шамшырақов Сейтек Мирасбекұлы құттықтау сөз сөйледі. Сейтек Мирасбекұлы әскерге аттанып жатқан азаматтарға әскери қызметте жетістікке жетіп, сапар сәтті болуын тіледі.
«ҚР Қорғаныс Күштерінің ардегерлері» Маңғыстау облыстық филиалының басқарушысы, отставкадағы полковник Қонақбаев Нұрлыбай Данабайұлы облыстағы ең лайықты деген 30212 азаматты әскер бөліміне алап жатқанын атап өтті және мұның бәріне әскер қатарына жастайынан тәрбиелеген аналардың арқасында жеткенін айтты. «Толқып тұрмын. Өз ұлым үшін мақтанамын. Анау қатарда тұрған менің ұлым, әскери киім оған жарасып-ақ тұр. Есімде, өз еркіммен әскерге барған кезім... Сол кезде дәл бүгінгідей толқымаған шығармын. Әскери комиссариат басшысы айтқандай, осы күні балаларымызға Қазақстанның Қарулы Күштері қатарына кіру бұйрығы шығыпты. Менің ұлым әскери билетке қол қойып, әскери қызметкерлер қатарын толықтырмақ. Отанымыздың қорғаушысы – ұлдарымыздың жолы болсын! Елімізде соғыс болмасын, Қазақстан жайқалып гүлдей берсін, ал балаларымыз өз үйіне аман-есен оралады деп сенемін», - деді ата-ана Күмісқали Дәулетов.
Айгүл ДӘДЕН