©
Таяуда Жаңаөзен қаласында «Әбіш Қожа» жаңа мешіті ашылды. Мешіт құрылысының ауданы 4 гектар.Мешітте 1000 адамдық ерлер мен 500 адамдық әйелдер залы бар. Екінші қабатында дәріс беруге арналған сабақ бөлмесі орналасқан. Сондай-ақ, Әбіш Қожаның көзі тірісінде қолданған дүниелері мен ол туралы жазылған деректер осы кабинеттің мұражай бұрышында сақталатын болады.
Төменгі қабатта неке қию залы, имам кабинеті, «Әбіш Қожа» қоғамдық қорының кеңсесі бар. Ал, мешіт сыртында 200 адамдық асханасы мен арнайы мал сою орны да қарастырылған.
- Төрт күмбезді сәнді де сәулетті мешітке жоғары дәрежедегі зиялы парасат иесі, туа біткен табиғи көріпкелдігімен елге танымал болған ардақты азамат Әбіш Қожа есімі берілді. Қала тарихында Жаңаөзенде өзінің арнайы орталық мешітінің болмауы себепті осы жаңа мешітті салуға мұрындық болып, құрылыс жұмысының басы-қасында жүріп, игілікті істі атқарған, жұмыс барысында материалдық немесе техникалық қолдау көрсетіп, көмектескен әр азаматқа және үлкен қолдау білдірген Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына алғыс айтамын, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Маңғыстау облысының әкімдігінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="16769,16772"]