Әзербайжанның Шеки шаһарында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Қазақстанның Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданды.
Аталмыш жиынға ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Түркі Кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы, Халықаралық Түркі Академиясы, Түркі мәдени мирас қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиында Қазақстанның Түркістан қаласын 2017 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы етіп бекіту жөнінде шешім қабылданды. Тұрақты Кеңестің 35-ші отырысының үйлестірушісі болу Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігіне жүктеліп, оның отырысы 2017 жылдың соңына қарай Түркістанда өтетін болып белгіленді.
egemen.kz