©
Еліміздің барлық аймағында «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» құрылып, жұмыс атқаруда. «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» құрылуының негізгі мақсаты мемлекеттік электронды қызметтерді, электронды сандық қолтаңбалары арқылы өз беттерімен алу мүмкіндігі және азаматтарды қызметкерлермен ЭҮП (электронды үкімет порталы) жұмыс қағидаттарымен жұмыс жасауға үйрету және кеңес беру болып табылады. Бұл шара кез-келген қызмет алушы күнде үйінен шықпай-ақ мемлекеттік бажды, салықтарды, жол ережесінің тәртібі бұзғаны үшін айыппұлдарды, коммуналдық қызметтерді төлеуге, кез-келген қажетті анықтамалар алуға мүмкіндік береді.
«Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы- электронды цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар өз беттерімен Халыққа Қызмет Көрсету орталығының арнайы жабдықталған орындарында мемлекеттік қызмет ала алады. Сұрақтар немесе қандай да қиындықтар туындаған кезде біздің бөліміміздің кез-келген қызметкері көмекке келуге дайын.
ХҚКО өзіне-өзі қызмет көрсету секторында клиенттер ең қажетті құжаттарын ( мекен-жай анықтамасы, зейнетақы қорынан аударымдар туралы үзінділерді, жылжымайтын мүлік бар не жоқтығы туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке құқықтық ауырпалықтар тіркелімі туралы, сотталғаны бар немесе жоқтығы туралы) анықтамалар, қағаз түрінде алынатын арыздарға мемлекеттік баж салымын төлеуге, сондай-ақ электронды форматта неке қиюға арыз жазуға болады.
«Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының кеңесшілері сіздерге компьютерлік оқуды өткізуге практикалық көмек және кез-келген кеңес беруге дайын.
«ХҚКО» РМК баспасөз қызметі