Ақтауда алғаш рет мектеп оқушыларына арналған Ustudy аймақтық тестілеу орталығы ашылды. Енді ақтаулық мектеп оқушылары емтихандар мен ҰБТ-ге заманауи және ыңғайлы инфрақұрылымға сәйкес дайындалып, өз білім деңгейінің сапасын тексере алады. Яғни, Ustudy тестілеу орталығында ҰБТ электронды түрде тапсыру мүмкіндігіне ие.
Ustudy аймақтық тестілеу орталығы – Ustudy білім беру бренді және Ұлттық тестілеу орталығымен (ҰТО) бірлесе атқарылатын жоба. Батыс өңірде бірінші болып ашылып жатқан орталықтың мектеп оқушылары үшін пайдасы мол болады деп сенеміз. Жақын арада бұндай орталықты Атырау, Ақтөбе қалаларында ашу көзделіп отыр.
-Біздің мақсат – әр түрлі тест түрлерін тапсыратын мектеп түлектеріне ыңғайлы жағдай жасау болатын. Осы жылдың соңына дейін біз Қазақстанның барлық ірі қалаларында Аймақтық Тестілеу Орталықтарын ашып, бүкіл ел көлемінде білім беру саласына инвестиция салудамыз, - дейді Ustudy.kz негізін қалаушы Жанат Рахмани.
Оқушылар үшін әдемі, ыңғайлы және технологиялық тестілеу орталықтар Желісін құру жобасына ҰТО, Білім Басқармасы және UStudy компаниясы қатысады. Қазір біз Аймақтық тестілеу орталықтары білім беру саласында, сондай-ақ жалпы қоғам үшін пайдасын тигізуі үшін біз мемлекеттік жеке меншік әріптестік рәсімдеу үшін ҚР заңнамасына сәйкес Білім және ғылым Министрлігімен жұмыс жүргізудеміз.
Ustudy Білім беру жобасы қазірдің өзінде Алматы, Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларында 7 өңірлік тестілеу орталықтарын ашты, ал жыл соңына дейін орталықтардың жалпы саны 20-дан асады.
-Біздің компанияның үлкен инфрақұрылым түріндегі тестілеу орталықтарын іске қосу және басқаруда мол тәжірибесі бар, ал мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын табысты іске асыру арқылы біз білім беру саласы тарихындағы бірінші әріптестік болуымыз мүмкін - дейді Жанат Рахмани мырза. Аймақтық тестілеу орталығының басқарушы операторы және серіктесі ретінде Ұлттық тестілеу орталығының бізді таңдағанын мақтан тұтамыз. Біз Ұлттық тестілеу орталығымен көп жылдар бойы жұмыс жасап келеміз және бұл жылы бірлескен тестілеу орталықтарын құру арқылы серіктестіктің жаңа кезеңіне шыққанымызға қуаныштымыз.
Ақтау қаласында аймақтық тестілеу орталығын ашудағы басты Міндеттердің бірі - жаңа білім беру өнімдері ментехнологияларды пайдалана отырып Қазакстанда тестілеудің жаңамәдениетін құру.
- Орталықтарды іске қосудан бұрын, Қазақстанда жүзеге асыру үшін біз озық әлемдік тәжірибені зерттедік,-дейді Жанат Рахмани.
Біздің Аймақтық тестілеу орталықтары оқушылардың бойында тек жағымды эмоциялар тудыруы үшін біз бәрін жасауға тырыстық. Өйткені,біз кез келгентестілеудің қандай стресс тудыратынын түсінеміз.
Ақтаудағы Аймақтық тестілеу орталығы өз бойына техникалық жарақтандыру, дизайн және ресімдеу тұрғысынанең жақсы шешімдерді жинаған. Ақтау қаласында Аймақтық тестілеу орталығында оқушылардың тестілеуден өту барысына басқа көзқараспен қарауына жағдай жасалған. Орталық шамамен мың шаршы метр аумақты қамтиды және жаңатехникалық жабдықтармен жабдықталған 150 орын бар. Орталықтың ішкі дизайнымен Қазақстанның жетекші дизайнерлері еңбек етті.
Жыл бойы Ақтау қаласындағыАймақтық тестілеу орталығында оқушылар: сынама тестілеуден өтуге, мектеп бағдарламасы бойынша өз білімдерінің «әлсіз тұстары» бойынша есеп алуға, Қазақстанның үздік мұғалімдерінің қазақ тіліндеұсынган бірегей білім бейнесабақтарна қол жеткізуге, кеңес алуға, жетекші мектеп оқытушылары ұсынған демалыс және белсенді емтихандарға дайындықты үйлестіреотырып өтетін жазғы кампусы – көшпелі демалысқа жазылуға мүмкіндік алады.
Ақтаудағы Аймақтық тестілеу орталығы білім беру саласында онлайн сервистерді енгізу және дамытуға арналған алаңға айналады.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН