Халықаралық алғашқы көрме лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. Бұл қатысушы елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әртүрлі елде тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге негізделе бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.
Астана қаласында өтетін ЭКСПО – 2017 халықаралық көрме тақырыбына негізделген сурет сайысына қаламыздың №7, 8, 9, 17, 20, 23, 28 мектеп оқушылары және «Оқушы», «Арман», «Қайнар», «Мирас», «Толқын» атты оқушы орталықтарының, аула клубтарының мүшелері, Түпқараған ауданының Ақшұқұр алының балабақша тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушының реттік саны парақшалар таратылу арқылы белгіленді.
Қазылар алқасының құрамында болған Мәрзия Сегізбаева, Асия Досқалиева, Людмила Черновалардың сараптамасынан өткен: «Оқушы» орталығынан Дінмұхаммед Жұмабеков, «Арман» аула клубынан Дінмұхаммед Базартаев, «Қайнар» аула клубынан Данабек Қаражігітов, Альбина Бақытжанқызы, «Мирас» аула клубынан Аймырза Күмісқали, Аида Романова, «Толқын» аула клубынан Дара Давлетчина, Темірлан Құлмұрзаев, «Арай» аула клубынан Аймира Өмірхан, Евгения Костина, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр аулының балабақша тәрбиеленушісі еңбектері көпшілік алдында қорғалып, өзінің, тәрбиешісінің, еңбегінің атымен, мазмұнымен , сол суретті салғанда пайдаланған құралдары және қолданған техникасымен таныстырды.
Қазылар алқасының шешімімен сайысқа қатысушылар арасынан бірінші орынды - № 28 орта мектеп оқушысы Адина Сүйебай, екінші орынды - № 8 мектеп оқушысы Медетбек Қарасай, үшінші орынды «Толқын» аула клубының мүшесі Темірлан Құлмырзаев иеленіп, оқушыларға нұсқау беруші барлық мұғалімдер мақтау грамотасымен марапатталды. Сайысқа қатысқан балалардың ешқайсысы ескерусіз қалған жоқ.
Үміт ЖӘЛЕКЕ