Талдықорғанда тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында үстел теннисінен ҚР-ның чемпионаты өтті. Жарысқа Алматы, Астана қаларынан және еліміздің он облысынан 80 спортшы қатысты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған додада облыс намысын Нұрлыбек Қожабеков, Ақкүміс Боқаева, Людмила Васюткина қорғады.
Төрт күнге ұласқан жарыстың қорытындысында ерлер арасында Нұрлыбек Қожабеков үшінші орынды иеленіп, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Әйелдер арасында бағын сынаған Людмила Васюткина екінші орынды қанжығаласа, Ақкүміс Боқаева үшінші орынға тұрақтады. Жұптық ойында да Людмила Васюткина екінші орыннан көрінді. Жарыс нәтижесінде Маңғыстау облысының қоржыны 2 күміс және 2 қола медальдармен толықты.
Венера МИРЛАН